НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында 8 жасар қызды өлтірді деген күдікпен Қаратау қаласының тұрғыны ұсталды.
37 жастағы ұсталған азамат кінәсін мойындады, деп хабарлады "Хабар 24".
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам бұған дейін 175-бап бойынша, яғни ұсақ заттарды ұрлағаны үшін сотталған.
Естеріңізде болса, Аруай Берік 24 сәуірде жоғалып кеткен, ал келесі күні Қаратау қаласының маңында бүлдіршіннің өртелген денесі табылған.
Тағы оқыңыз: Қырғызстанда ауыл тұрғыны өзімен бірге екі баласын өртеп жіберді
Қазіргі уақытта "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыскер 15 жылдан жоғары мерзімге сотталуы мүмкін.