Спорт

Арман Оспанов қарсыласын тізесімен талдырып тастады – нокауттың видеосы

"Сұңқар" қатарынан екі рет жеңілген соң жеңімпаз атанды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Мәскеу төрінде жеңіске жетті, деп хабарлады Prosports.kz сайты.

ЦСКА кешенінде өткен АСА 95 турнирінде Арман Оспанов неміс спортшысы Лом-Әли Эскиевпен жұдырықтасқан.

Жойқын нокаутқа түскен аралас жекпе-жек шебері көз жұмды

Алғашқы раундта неміс спортшысы Арманға қарағанда ширақ қимылдаған. Алайда жекпе-жектің екінші раундында Арман Оспанов қарсыласын тізесімен теуіп, сұлатып түсірді.

Осылайша, "Сұңқар" қатарынан екінші жеңілісінен соң жеңімпаз атанды.