НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Аризона штатындағы Keepers of the Wild қорығында бенгал жолбарысы саябақтың иесі Джонатан Крафтқа шабуыл жасады. Бұл туралы ұйымның өкілдері Facebook желісіндегі ресми парақшада хабарлаған.
Оқиға 22 сәуір дүйсенбі күні болыпты. Қорық қызметкерлеріне су тасқыны болатыны туралы ескерту жасалған. Крафт 11 жастағы Боуи атты жолбарыс пен тағы бірнеше аңды қауіпсіз жерге көшірмек болады.
Ер адам жыртқышты арнайы үңгірге паналату үшін қақпаны ашып жібергенде, жолбарыс оған тап берген.
Тағы оқыңыз: Жолбарыстың видеосы қазақстандықтарды дүрліктірді
"Боуиге қатысты оқиғаға өзім кінәлімін. Оның жайын ойлап, қауіпсіздік туралы ұмытып кетіппін. Қорықта тіршілік ететін жыртқыш санаулы секундта жануарлық түйсігіне бой алдырады. Мұндай шабуылдарға көбінесе адамның өзі кінәлі", - дейді Крафт.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамды Кингман қаласындағы ауруханаға жеткізді. Америкалық көптеген жарақат алып, екі жері сынған. Бастапқы болжам бойынша, толығымен жазылуына бірнеше айт кетеді.
Тағы оқыңыз: Ақылды үйрек жолбарыстан айласын асырып кетті - видео
Боуи қазір өзінің вольерінде, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.