Әлем

Олимпиада чемпионы тікелей эфирде есінен танып құлады – видео

Телеарналардың біріне сұқбат беріп тұрған қыз өзін жайсыз сезініп, кенеттен талып қалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Екі дүркін олимпиада чемпионы, волейболшы Жаклин Карвальо тікелей эфирде есінен танып құлады, деп хабарлайды AS басылымы.

Басылымның мәліметіне сәйкес, оқиға волейболдан Суперлига финалындағы үзіліс кезінде болған. Ғимаратта қапырық болғандықтан, спортшы өзін жайсыз сезініпті.

Тағы оқыңыз: Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды - видео

Карвальо 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда олимпиаданың алтын медалін жеңіп алған болатын.