НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада ауыс-түйіс жасады. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.
Атап айтқанда, мемлекет басшысының өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды.
Тағы оқыңыз: Тоқаев жасаған ауыс-түйіс нені білдіреді - саясаттанушылар пікірі
Ал оның орнына президент өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты