НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір — Sputnik. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес, Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға болатын азаматтардың 10 тобы қарастырылған, деп хабарлайды Elorda Aqparat.
Көпбалалы отбасылар арзан ипотекаға өтініш беріп жатыр
Баспананы меншігіне тегін алуға болатын тұрғындар тізіміне:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары енген. Ұлы Отан соғысының мүгедегі немесе қатысушысы қайтыс болған жағдайда, баспананы тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
- 1 және 2-топтағы мүгедектер;
- Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандарда апат салдарын жоюға қатысқандар;
Зейнеткерлер мен оралмандар тегін баспана алушылар тізімінен алынып тасталады
- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер;
- КСРО-ны қорғау кезінде, әскери міндеттерін орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты сырқаттанғандар, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезiнде жараланып, контузия алу салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер;
- Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтар;
- күнтiзбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек еткен әскери қызметшiлер (қызметтен шығарылған әскери қызметшілерді және қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Бір миллион теңге кімге және қалай берілетіні белгілі болды
- ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат немесе ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, баспананы өтеусіз алу құқығы оның мұрагерлеріне ауысады;
- саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар адамдар;
- қызметін атқару кезінде қайтыс болған әскерилердің отбасы мүшелері енген.
Мемлекеттің тұрғын үй қорындағы баспананы тегін алатын азаматтар ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабында көрсетілген.