25 сәуірде не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
25 сәуірде қандай айтулы оқиға болды
Жыл сайын 25 сәуірде әлемде Халықаралық ДНҚ күні аталып өтеді. 1953 жылы дәл осы күні Nature журналында ғалымдар Джеймс Уотсон, Фрэнсис Крик, Морис Уилкинс және Розалинд Франклин ДНК молекуласының құрылымына жүргізілген зерттеудің нәтижесін жариялады.
50 жылдан кейін 2003 жылы 25 сәуірде адамның геномын зерттеу бойынша жобаның аяқталуға жақын қалғаны хабарланды. Геномның кейбір учаскелерінің қосымша анализі әлі күнге дейін біткен жоқ, бірақ негізгі жұмыс аяқталды. ДНҚ құрылымын анықтау – денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам.
Сондай-ақ бүгін Бүкіләлемдік пингвиндер күні, бұл әлемдегі ең ерекше құстардың біріне арналған жыл сайнығы экологиялық мейрам. Бұл күннің таңдалуы бекер емес, жыл сайын наурызда немесе сәуірде император пингвиндері жұмыртқа басу үшін материкке шығады, ал жылдың басқа уақытында олар Антарктиданың жанындағы мұздақтарда тіршілік етеді.
25 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1826 жылы Англияда қозғалтқышы іштен жанатын алғашқы автомобиль патенттелді;
1901 жылы Нью-Йорк шатында әлемде тұңғыш рет автомобиль нөмірлері енгізілді;
1931 жылы Фердинанд Порше Porsche компаниясының негізін қалады;
1990 жылы "Хаббл" ғарыш телескопы "Дискавери" ғарыш кемесімен Жер орбитасына жіберілді.
25 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1917 жылы Омбыда Ақмола облысы қазақтарының съезі өтті;
1921 жылы құрамында 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері негізінде Ақмола губерниясы құрылды;
1922 жылы Қапал уезінің атауы Талдықорған болып өзгерді;
2001 жылы Стокгольмде өткен конгресте Қазақстан Футбол одағы Еуропа футбол одағы қауымдастығына (УЕФА) кірді;
2006 жылы Семей маңында XVIII ғасырдағы қамалдың нақты орны анықталды.
25 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1918 жылы кеңес және ресейлік эстрада әртісі, иллюзионист, сиқыршы, актер, КСРО Халық әртісі Арутюн Акопян дүниеге келді;
1928 жылы кеңес және ресейлік театр және кино актері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Юрий Яковлев дүниеге келді;
1940 жылы театр және кино актері, режиссер, сценарист Аль Пачино дүниеге келді;
1952 жылы кеңес одағының атақты хоккейшісі, қақпашы, бапкер, мемлекет және саясат қайраткері Владислав Третьяк дүниеге келді.
25 сәуірде Қазақстанда кім туды
1890 жылы Жетісудағы 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Тоқаш Бокин дүниеге келді;
1893 жылы актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-нің және КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалыбек (Қалибек) Қуанышбаев дүниеге келді;
1949-1996 жылы композитор Тілес Қажығалиев Шамғонұлы дүниеге келді;
1946 жылы ресейлік саясаткер, Мемлекеттік думаның депутаты Владимир Жириновский дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Таутеке белгісінде орналасады. Армандап, жоспарлап қана қоймай, нақты іске кірісетін уақыт жетті. Қолға алған шаруаңыздың соңы сәтті болып, өміріңіз жақсарады. Бүгін жақсы жұмыс тауып, болмаса жақсы баспанаға көшуге қолайлы уақыт.