Әлем

Салмағы небәрі 346 грамм: дәрігерлер сәбиді қалай аман алып қалды?

Оқиға Ұлыбританияның Глостершир графтығында болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Дәрігерлер Ким Браун жүктілігінің 24-ші аптасында ана мен бала денсаулығы үшін аса қауіпті преэкламсия сырқатын анықтады. Ол жүкті әйелдердің небәрі алты процентінде кездеседі, деп хабарлайды The Sun.

Тағы оқыңыз: Әйел "мас" нәресте босанды - сәбидің жағдайы қандай?

Дәрігерлер тексерген кезде құрсақтағы баланың өсуі жүктіліктің төртінші айында тоқтағанын байқаған. Жүрек қағысының жиілігі тым азайып кеткен. 2018 жылдың 14  маусымында Ким Браунға кесар тілігі жасалды. Салмағы 346 грамм Изабелла Эванс дүниеге келді. Қыз инкубаторға жатқызылды.

Үш аптадан соң дәрігерлер қыздың асқазаны зақымданғанын анықтаған. 3 айдан соң оған екі ота жасалыпты.

Тағы оқыңыз: Сәби екпеден көз жұмды - емхана қызметкері істі болды

"Үш айында оған кішкентай ғана жилет кигіздім. Оның өлшемі менің телефонымнан да шағын болатын, - деп еске түсіреді қыздың 25 жастағы анасы.

Жарты жылдан соң, 2018 жылдың 16 желтоқсанында Эванс перзентханадан шығарылды. Тоғыз айда оның салмағы 4 келіге жеткен.