Әлем

Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті

Шри-Ланкада католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде үш шіркеуде жарылыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Шри-Ланкадағы қонақүйлер мен шіркеулерде қаза тапқандар саны 160 адамға жетті, 360-тан астамы зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости.

Шриланкадағы жарылыстар: оқиға орнында түсірілген қорқынышты видео

Жергілікті Ada Derana басылымы жазғандай, католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде барлығы алты рет жарылыс болған: Коломбодағы Shangri-La, Cinnamon Grand және Kingsbury  бес жұлдызды қонақүйлерінде және Котахена, Негомбо мен Баттикалоа қалаларындағы үш шіркеуде.

"Құрбандар көп, олардың арасында шетелдіктер де бар", - деп мәлімдеді экономикалық реформалар мен мемлекеттік бөліс министрі Харша де Силва.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр, жарылыс болған шіркеулер мен қонақүйлердің аумағы қоршалған. Коломбо халықаралық әуежайында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.