Рамазанда ораза ұстау мұсылманға парыз. Араб тіліндегі "саум" (ораза) сөзі "адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу" деген мағынаны білдіреді. Оразаның терминдік мағынасы – ниет ете отырып, таңның атысынан күннің батысына дейін ішіп-жеуден және басқа да нәпсі қалауынан тыйылу.
Тағы оқыңыз: Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
Рамазан айында Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылып, тозақ есіктері жабылып, жын-шайтандар шынжырланады және осы айда тілектер қабыл болады.
Тағы оқыңыз: Оразаға қалай дайындалу керек?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына оразаға қатысты көптеген сауал түседі. Ауыз бекітуге ниет еткендерді негізінен мынадай сұрақтар мазалайды екен:
- Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
- Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?
- Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?
- Ескі оразадан қарызы бар адам не істеуі керек?
- Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?
- Сілекей жұтса, ораза бұзыла ма?
- Ораза ұстаған адамға төсек қатынасына түсуге бола ма?
- Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?
Жиі қойылатын сауалдарға ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі сараптама секторының меңгерушісі Медет Құрмашұлы жауап берді. Толығырақ видеодан көре аласыздар.