НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір - Sputnik. Алдын ала мәлімет бойынша Шри-Ланкадағы жарылыстар кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі Шри-Ланка ІІМ сілтеме жасап.
Шри-Ланкада болған террористік әрекеттерге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасаған болатын.
"Қазақстан 2019 жылғы 21 ақпанда Шри-Ланканың астанасы Коломбода, сондай-ақ Негомбо және Баттикалоа қалаларында көптеген бейбіт адамдардың өліміне әкеліп соққан террористік әрекеттерді қатаң түрде айыптайды", - деп жазылған ведомство таратқан ақпаратта.
Шри-Ланкадағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 160 адамға жетті
Жергілікті Ada Derana басылымы жазғандай, католиктік Пасха мейрамын тойлау кезінде барлығы сегіз рет жарылыс болған: Коломбодағы Shangri-La, Cinnamon Grand және Kingsbury бес жұлдызды қонақүйлерінде және Котахена, Негомбо мен Баттикалоа қалаларындағы үш шіркеуде.
Guardian зардап шеккендердің дені жергілікті тұрғындар екенін хабарлады. Жарылыстар кезінде түрлі мәліметтерге сәйкес, 9-35 шетелдік көз жұмған.
Екі шіркеуде жойқын жарылыс болды: 80 адам зардап шеккен - фото
Шри-Ланканың Қорғаныс министрі Руван Вийевардене сегіз жойқын жарылыстың екеуін террористер жасағанын мәлімдеді. Оладың тұлғалары анықталған. Экстермистік топ мүшелері болған. Олардың екеуі теракт алдында полиция учаскесінен қашып кеткен.