Оқиға

Қарағандыдағы әуе апатында 2 адам көз жұмды

Азаматтық авиация комитетінің алдын ала мәліметіне сәйкес, әуе кемесінің экипажы көз жұмған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Әуе апаты бүгін Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде болған. Азаматтық авиация комитеті төтенше жағдайдың мән-жайын хабарлады.

"Сағат 16.25-те оқу-жаттығу кезінде Балапан аэродромында FK14 Полярис әуе кемесі апатқа ұшырады", - деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша 2 адам (экипаж) көз жұмған.

Комитет өкілдері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқармасы апатқа қатысты тергеу жүргізетінін мәлімдеді.