Саясат

Оңтүстік Корея президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Сапар барысында Оңтүстік Корея президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Оңтүстік Корея президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Мун Чжэ Ин Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысады деп жоспарланып отыр. 

Оңтүстік Корея президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Қазақстан-Корея бизнес форумына екі елдің 300-ден астам іскері қатысады. Шара аясында цифрландыру, медицина және өнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобалардың көрмесі өтеді.

Мун Чжэ Иннің Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапары аясында сотталғандарды алмасу сынды бірқатар келісім мен меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ, серіктестіктің жаңартылған бағдарламасы қабылданады. Ол жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.