НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір — Sputnik. Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жол-көлік апатында көз жұмған 11-ші жолаушының азаматтығын анықтады.
Тағы оқыңыз: Автобустың шатыры жұлынып кетті: апаттың фотолары жарияланды
Ол - Қазақстан азаматы. Бұған дейін ІІМ жолаушылар автобусы, жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан апатта Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарының көз жұмғанын хабарлаған болатын.
Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы
Жедел жәрдем қызметінің 103 нөміріне қоңырау 20 сәуір күні, таңғы сағат 05:09-да түсті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан-ға Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы. 41 адам зардап шеккен. 11 адам көз жұмды (сегізі оқиға орнында жан тапсырды, екеуі Қордай аудандық ауруханасында көз жұмды, бір адам Гвардияның медициналық ауруханасында көз жұмды).
Тағы оқыңыз: ІІМ Қордайдағы апатта көз жұмғандардың азаматтығын жариялады
"Әскери ауруханаға жеткізілген жолаушылар Қордай аудандық ауруханасына көшірілді. Зардап шегушілерге тиісті көмек көрсетіліп жатыр ", - деді облыстық басқарма өкілдері.
Қордайдағы жантүршігерлік апат
Еске сала кетсек, трагедия бүгін Алматы-Ташкент тасжолының 181-ші шақырымында болды.
Тағы оқыңыз: ІІМ Қордай маңындағы жол апатынан кейін видео таратты
Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.