"Оның мінезі сондай" Әншілер не үшін ажырасып кеткенін айтты

 Әнел Арынова жігіттердің бойынан баласы еліктеп өсетін қасиет іздейді, ал Динаяның пікірінше, әйел еркексіз де бақытты бола алады  
Sputnik

АЛМАТЫ, 19 сәуір – Sputnik. Шоу-бизнесте жұлдызы жанғанмен, жеке өмірінде бағы ашылмаған әртістер бар. Соның бірі әнші Әнел Арынова мен Диная "Ревью" бағдарламасында баласын жалғыз өзі  өсіріп жатқанын айтты.

Әнелдің күйеуі той жасамаған

Кешью тобының экс-әншісі Әнел Арынова 4 жыл бұрын ажырасқан. Ол музыкант Сайд Ярошбаевқа 2015 жылы аяғы ауыр болып тиген. Көп ұзамай Имран есімді ұл бала дүниеге келеді. Әнші баласы үш айлық кезінде ажырасқанын айтады.

"Әрине, менің жүрегімді жаулағысы келген жігіт көп болды. Бірақ ешқайсын жолатқан емеспін. Тіпті, бұрынғы күйеуіме мүмкіндік берейінші деген кездерім де болды. Бірақ оның бәрі сәтсіз болды. Аузы күйген үріп ішеді деген ғой", - дейді ол.

Кейбір деректерге сүйенсек, Әнел тұрмысқа шыққанда музыкант той да жасамаған. Өйткені оның ақшасы болмапты. Отбасының бұзылуына да осы қаржылық жағдай түрткі болған секілді.

Бағдат Сәмидинова: Фонограммаға шектеу қойылса, кімнің кім екені белгілі болады

"Балаң болған соң жігіттерге басқаша қарай бастайсың. Мысалы,  бойынан балаң еліктеп өсетін қасиет іздейсің, сынайсың. Әзірге ойымнан шыққан жан жоқ, өкінішке қарай", - дейді әнші.

Диная әйел еркексіз де бақытты болады деп санайды

Ал соңғы кездері "композитор Гайсинмен бір нәрсесі бар" деген өсекке ілінген Диная болса, баласы 2,5 жасқа келгенде ажырасыпты. Қазір баласы 11-ге толған. Әрине, басы бос, жалғызбасты ананың сөзге қалатыны бар. Бірақ екеуі де бұл байланыстың тек шығармашалық деңгейде екенін баспасөз арқылы баршаға жария еткен.

"Еркек бақытты етеді деп ойлаудың өзі дұрыс емес. Еркек болмаса бақытсызбын деу орынсыз. Менің түсінігімде, адам өз-өзін сыйлап, өзінің қадірін түсінген кезде бақытқа кенеледі. Жан тыныштығы деген жақсы ғой. Міне, өзіңді қалпыңа келтіргенде айналадағы адамдармен де қарым-қатынасың дұрысталады", - дейді ол.

Дегенмен Диная жігіттерге мүмкіндік берген жөн деп санайды. Оған қоса ол көңіл қосқан жігіті барын, жүргеніне бір жыл болғанын айтады.

Асхат Садырбай: Концертте де, тойда да, теледидар да сол әншіні көреді, бұл жақсы емес

"Бір жыл болды жүргенімізге. Балам үшеуміз демалуға да бірге барып-келдік. Ата-анам да таниды. Балам арасында одан кеңес сұрап қояды. Бірақ балама әкесімен араласуға ешқашан тыйым салған емеспін. Онымен де қарым-қатынасы дұрыс", - дейді Диная.

Ерке Есмахан ажырасып кеткеніне өкінбейді

Танымал әнші Ерке Есмахан тележүргізуші Асхат Садырбаймен 2011 жылы отау құрған. Қыз жігітпен танысқан соң бір айдан соң тұрмысқа шығуға келісімін берген. Олар бала дүниеге келген соң көп ұзамай ажырасып кетті. Ерке өз сұқбаттарында оның мінезі нашар екенін айтқан.

"Асхат ажырасқан кезімізде бар сыйлығын түгендеп алып қалды. Сырға, сақина, менде оның ешқандай заты қалмады. Оның мінезі сондай", - деп еді ол.

Бұдан соң Асхат Садырбай екінші рет үйленіп, ол некесі де сәтсіз болған. Одан соң ол Еркені қайтаруға тырысқан. Бірақ бұрынғы күйеуінің еш өзгермегенін байқаған әнші оның бұл әрекеттеріне жауап қатпапты. Ал журналистің үшінші некесі де шатқаяқтағаны туралы БАҚ-та мәлімет бар.

Әншінің ұлы Мүсілім былтыр 1-сыныпқа барған. Ол Ерке Есмаханның әке-шешесінің қолында Ақтөбеде тұрады. Шоу-бизнестен қолы босағанда Ерке баласын бір адым жанынан тастамайды. Бірге шетел аралап, демалып қайтатын кездері де жиі болады.

"Маған гүл сыйлайтындар бар, бірақ мен ешқашан оларға жауап бермеймін, жүрегім әлі де бос", - деген еді әнші соңғы сұқбатында.