НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.
Қазақстан әскері дабыл бойынша көтерілді
Қарулы күштердің дайындығы қалай
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы мәлімделді.
Қорғаныс министрі, сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президентіне еліміздің Қарулы күштеріндегі қазіргі ахуал және армияны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатқан шаралар жөнінде баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерді одан әрі дамытуды тапсырды
Сонымен қатар, Н.Ермекбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматы облысында өтіп жатқан "Айбалта-2019" ауқымды стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы айтты.