Оқиға

Ақтау тұрғыны терезеден оқ жаудырып, оны видеоға түсіріп алған

Бұзақы бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Ақтау тұрғыны өз үйінің терезесінен оқ жаудырды, деп хабарлады "Лада".

Instagram-да жарияланған видеодан ер адам Калашников автоматынан алдымен бір-бірлеп атып, содан кейін оқ жаудырғанын көруге болады.

Ақтау атқышына қандай жаза беріледі

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 16 сәуірде болғанын мәлімдеді.

Полицейлер атқыштың үйін тінтіп, бос оқ-дәріге арналып қайта жасалған Калашников автоматын, Макаров тапаншасын, сондай-ақ, пневматикалық винтовка тапты.

Түркістан облысында жолаушылар автобусына оқ жаудырған  қарулы топ ұсталды

Қазіргі уақытта Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы үшінші бөлігі, яғни "Қаруды (тегіс оқпанды аңшы қаруынан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап қомақты айыппұл салудан бастап бес жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.