Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 сәуір

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 108-ші күн. Жыл соңына дейін 257 күн бар.
Sputnik

18 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

            18 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Кей мерекелер адамдарды қызығушылығы бойынша біріктіреді, мысалы, әлемде сондай мейрамның бірі радио әуесқойлары күні аталып өтеді. Бұл мерекенің тарихы 1925 жылы Парижде ақпараттық жаңалықтар енді пайда бола бастаған кезеңнен бастау алады. Мейрамды атап өтуді радио байланысқа алғаш қызығушылық танытқан адамдардың басын қосқан "Халықаралық радио әуесқойлар одағы" ұсынды. Радио байланыс ол кезде жұртшылыққа таңсық болса да, ұйымның мүшелер саны күн өткен сайын арта берді. Олар қазіргі заманда да радиоэфирге жиі шығып, әр құрлықтағы адамдардың өзара тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Олар құрылғының заманауи нұсқасын шығарумен айналысып қана қоймай, электронды аппаратураның жаңа түрөзгерістерін ойлап табады. Кәсіби мерекеде қиялы жүйрік, алған бетінен қайтпайтын және өз жетістіктерімен бөлісуге дайын жандарға қолдау көрсетейік.

Бүгін тойланатын тағы бір мерекені тарихты сүйіп оқитын адамдар жақсы біледі. 1984 жылдың 18 сәуірінен бері Халықаралық ескерткіштер мен тарихи жерлер күні аталып өтеді. Мейрамның ұраны: "Тарихи отанымызды сақтап қалайық". Бұл күнді атап өтуді ЮНЕСКО жанынан құрылған ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау мәселесі бойынша Халықаралық кеңес ассамблеясы 1982 жылы ұсынды. Мерекенің мақсаты халықтың назарын әлемдік мәдени мұраны қорғау мен сақтау мәселесіне аудару, жауапты ұйымдарды "тарихи құндылығы бар қалашықтар, қорғандар мен обалардың шаруашылық мақсатта бұзылмауын" қадағалауға шақыру болып табылады.

Бүгін – Халықаралық жонглер күні. Орта ғасырларда музыканттар, көшіп-қонып жүретін әртістер мен сиқыршыларды жонглер деп атайтын, латын тілінен аударғанда "joculator" – "күлдіргі" дегенді білдіреді. Қазір жонглер дегеніміз бір мезетте бірнеше затты алма-кезек лақтырып тосып алатын цирк маманы. Бірақ бүгінде бұл трюкті жасап ешкімді таңғалдыра алмайсың. Ал негізінде осы бір цирк қойылымы көне заманда пайда болған. Мысыр перғауыны Хнумхотептің II Бени-Хасандағы обсында археологтар рельеф суреттерде  жонглер қыздардың бейнеленгенін анықтады. Бұл біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын болған. Көне грек тарихшысы Ксенофонт 12 шеңберді қатар айналдыратын биші туралы жазған, ал қытай Лан Цзы бір дегенде жеті қылышты қолдана білген.

            18 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1934 жылы АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында алғашқы кір жуатын автомат ашылды;

1946 жылы Женевада БҰҰ құрылуына байланысты Ұлттар Лигасының таратылғаны туралы белгілі болды;

1951 жылы Еуропалық көмір және құрыш бірлестігінің құрылғаны туралы халықаралық келісімге қол қойылды;

1953 жылы Англияда әлемдегі алғашқы турбиналы-винтті ұшақ бірінші рет коммерциялық мақсатта ұшырылды.

            18 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік экономикалық форум болды. Шараға әлемнің отыз елінен келген 100-ден астам ірі халықаралық және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты;

2011 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясы болды. Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 20 жылдығы;

2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы болды.

            18 сәуірде әлемде дүниеге келген тұлғалар

1917 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Георгий Вицин дүниеге келді ("Зайчик", "Кавказская пленница", "Джентльмены удачи" фильмдері);

1937 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы Светлана Немоляева дүниеге келді ("Служебный роман", "Гараж", "Ослиная шкура" фильмдері);

1940 жылы кеңестік және ресейлік балет әртісі, балетмейстер, хореограф, театр режиссері, актер, суретші, ақын, ұстаз Владимир Васильев дүниеге келді;

1985 жылы ресейлік әнші, "Серебро" тобының бұрынғы мүшесі, теле және радиожүргізуші, дизайнер Елена Темникова дүниеге келді.

            18 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1893 жылы композитор, күйші Әділжан Құрманғалиев дүниеге келді;

1911 жылы жазушы әрі аудармашы Зейтін Ақышев дүниеге келді;

1974 жылы гимнастикадан спорт шебері, Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, әлем чемпионы, Әлем кубогының қола жүлдегері, ХІІ Азия ойындарының күміс жүлдегері Сергей Федорченко дүниеге келді;

1978 жылы грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жастар арасында әлем чемпионы (АҚШ, 1994 ), студенттер арасында әлем чемпионы Валерий Матвиенко дүниеге келді;

1979 жылы Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев дүниеге келді.

            Ай күнтізбесі

Ай Таразы белгісінде орналасады. Бұл күн еш қиындықсыз өтеді, арқаны кеңге салып, сәл де болса демалып алсаңыз болады. Тіпті күннің қалай өткенін байқамай да қаласыз. Уақытыңызды отбасыңызға арнағаныңыз жөн.