Саясат

Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке тағайындалды

Төрт  жыл бұрын Максим Споткай Қазақстанның тұңғыш президентінің алдында сөз сөйлегенде, Нұрсұлтан Назарбаев оны мақтап, болашақта республика президенті болуға үміткер атанса, таңғалмаймын деген еді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Nur Otan партиясы баспасөз қызметінің басшысы болып Максим Споткай тағайындалды. Бұдан бұрын ол NUR Media холдингі бас директорының орынбасары қызметін атқарған болатын.

Басқарушы партия баспасөз қызметінің жаңа басшысын Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев таныстырды.

Назарбаев мақтаған "Мәке" басшылық қызметке тағайындалды

28 жастағы Максим Споткай Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Nur Otan партиясының Ақсу қаласындағы филиалынан бастады. Оған дейін "Жас Отан" жастар қанатының белсендісі болып, қазақ тіліндегі газетті басқарған еді. Жас қоғам қайраткері әрі "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының финалисі ретінде белгілі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

Ресейлік бағдарламада қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады - видео

Максим Споткай 2015 жылы сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясында Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеп, жұртшылықтың есінде қалды.

Сол кезде Елбасы дарынды қазақстандықты мақтап, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі мемлекет басшысы лауазымына кандидат болуға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.

Тағы оқыңыз: Айсұлтан Назарбаев тегін ауыстырды

"Біраз уақыттан соң Мәке Қазақстан президенті болуға кандидат атанса, қазақ тілін осындай дәрежеде білгендіктен, ешкім таңғалмас еді", - деген еді Қазақстанның тұңғыш президенті төрт жыл бұрын.

Тағы оқыңыз: Мирзиёев Назарбаевты "менің ағам" деп атады