Дерекқор

Жүк тасушыдан партия төрағасына дейін: Азат Перуашев туралы не білеміз

Қазақстанның мемлекет қайраткері, саяси партия жетекшісі, VI шақырылымдағы парламент мәжілісінің депутаты
Sputnik

Отбасы

Азат Перуашев 1967 жылы 8 қыркүйекте Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Ырғайты ауылында дүниеге келді. Үйленген. Жары - Демидова Дина Төлегенқызы. Төрт баланың әкесі.

Білімі

1991 жылы М.Горький атындағы Урал мемлекеттік университетін тамамдады (Ресей, Свердловск қаласы).

Партия жетекшілері Тоқаевқа қандай өтініш білдірді?

1995-1996 жылдары "мемлекеттік басқару менеджері" мамандығы бойынша Қазақстан республикасы президентінің жанындағы ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірді. 1997 жылы Сеулдегі Central officers training Institute-те, ал 1998 жылы Мәскеудегі Ресей президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында тағылымдамадан өтті. 2000 жылы Талдықорған қаласындағы Жетісу экономикалық институтын тамамдады.  

Ғылыми дәрежесі, атағы мен қызметі

Саяси ғылымдар кандидаты. Диссертация тақырыбы: "Қазақстандағы саяси партияларды институттандыру ерекшелігі" (Азаматтық партия мысалында). Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің және Талдықорғандағы "Жетісу" экономикалық институтының құрметті профессоры.

Еңбек өтілі

Өзінің еңбек жолын 1988 жылы Якутск қаласындағы портта жүк тасушы болып бастады. 1991 жылы Қазақстанға оралып, Панфилов аудандық партия комитетіне инструктор қызметіне орналасты. Кейін Талдықорған облыстық әкімшілігінде сектор меңгерушісі болды. 1996 жылдан 1998 жылға дейін ҚР президенті әкімшілігінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы сайлауға түсуге дайын екенін айтты

1998 жылы "Қазақстан алюминийі" АҚ бас директорының орынбасары, вице-президенті қызметінде болды.

2006-2011 жылдар аралығында "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының, "Атамекен" кәсіпкерлер және жұмыс берушілердің жалпыұлттық одағы басқармасының төрағасы.

2005 жылғы президенттік сайлау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі болды. 2000 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына халықаралық сарапшы ретінде қатысты

"Ол үкіметте отырған ойыншық емес" Перуашев министрді отставкаға жіберу туралы айтты

2006 жылдан бері Қазақстан президенті жанындағы демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Азияның саяси партиялары халықаралық ұйымы тұрақты комитетінің (ICAPP) мүшесі, ICAPP бас ассамблеясының вице-президенті, Президент жанындағы кәсіпкерлер кеңесі мен Қазақстан кәсіпкерлері бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі.

2014 жылы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесті басқарды. 2017 жылдан бастап президент жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі.

Азат Перуашевтің депутаттық қызметі

2011 жылы "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан V шақырылымдағы мәжіліс депутатына кандидат. 2012-2016 жылдары VI шақырылымдағы мәжіліс депутаты. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Азат Перуашевтің партиядағы қызметі

1998-2006 жылдары Қазақстанның азаматтық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы. 2006-2007 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары. "Ак жол" демократиялық партиясының төрағасы, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының саяси кеңес бюросының мүшесі.

Мемлекеттік және халықаралық наградалары

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған. "Қазақстан алюминийі" АҚ еңбек сіңірген қызметкері , "Мәдени бастама" кеңес-америка қорының жас ғалымдар сыйлығының лауреаты.

Перуашев депутаттардың жалақысы туралы айтты

"Заманауи Қазақстандағы саяси партиялардың институттандыру", "Саяси пікірталас" монографиялары мен "Живу в последний раз" өлеңдер жинағының авторы. "Washington Times", "Washington Diplomat", "Литературная Россия", "The Kukmin Daily", "The Ilio Seoul" сынды шетелдік және отандық басылымдарда жүзден аса мақаласы шыққан.

Әскери қызметі, арнайы атақтары

1986-1988 жылдары кеңес әскерінде борышын атқарды. Запастағы аға сержант.