Қоғам

Ресейлік бағдарламада қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады - видео

Қостанай қаласының тұрғыны танымал ойынның көктемгі маусымына сауал жолдаған болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір — Sputnik. "Не? Қайда? Қашан?" ("Что? Где? Когда?") атты танымал ресейлік шоудың телекөрермен мүддесін қорғаушысы Дмитрий Брейтенбихер қостанайлық көрерменнен қазақ тілінде кешірім сұрады.

"Өткен ойынның соңында әбігер болып кеттік. Мен қазақстандық Сергей Смоленюктің 25 мың рубль (147,5 мың теңге) алатынын айтуды ұмытып кетіппін. Өйткені ойын қатысушысы сауалға тек жүргізушінің көмегімен жауап берді. Сондықтан, Сергей, кешіріңіз мені", - деді камера арқылы қостанайлықтан кешірім сұраған Брейтенбихер. Бұл сәтті ойынның бас кезінде көруге болады.

Қостанай қаласының тұрғыны Сергей Смоленюк "Не? Қайда? Қашан?" көктемгі ойын маусымына сауал жолдаған болатын. Оның сұрағы "Суперблиц" бөлімінде оқылды. "Суперблиц" ережесі бойынша интеллектуал үш сауалға бірдей дұрыс жауап беруі тиіс.

Қостанайлықтың сұрағы бірінші болды. Ол фин жазушысы Мартти Ларни екі адам кінәлі болса да, бір адам ғана төлейтін айыппұл деп нені атады деген сауал жолдаған.

Ойыншы Михаил Мун дұрыс жауап – босану кезіндегі бейнет деп жауап берген. Алайда бағдарлама жүргізушісі Борис Крюк: "Сіз бала тууды айыппұл деп санайсыз ба? " деген сауал қояды.

Тағы оқыңыз: Алматылық жігіттің сауалы интеллектуалдардың басын қатырды

Сол кезде интеллектуал өзінің жауабын өзгертіп: "Шаңырақ шайқалып, айырылысуға тек бір адам кінәлі болмайды, ендеше дұрыс жауап - алимент",- деді. Бұл дұрыс жауап болатын.

Алайда ұйымдастырушылар интеллектуал жауапты жүргізушінің көмегімен тапты деген шешімге келді. Сондықтан ақша қостанайлыққа жіберіледі.