Өңірлер

Іс-түзсіз жоғалған теміртаулық жігіттің мәйіті табылды

Полицейлер Теміртау тұрғынының денесін даладан тапқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысындағы Ақсу-Аюлы ауылынан 5 шақырым жерден жігіттің мәйіті табылды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Петропавлда құрылыс алаңынан студент қыздың мәйіті табылды  
Тәртіп сақшылары жігіттің кім екенін анықтаған. Ол 32 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны болып шықты. Азамат іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында болған. 

Қазіргі таңда сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында жоғалған 13 жасар бала төрт күннен кейін өлі табылған болатын. Еріктілер оны ашық кәріз құдықтарының бірінен тауып алған.