НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Желіде танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің Өзбекстанда жасаған дайындығынан видео жарияланды.
2019 жыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы болып жарияланды, осыған байланысты Ташкентте бірқатар шара өткізу жоспарланған.
Видеодан Димаш француздың SOS d'un terrien en detresse әнін орындап жатқаны көрінеді. Роликті әншінің өзбек тыңдармандары Instagram-дағы фан-парақшасында жариялады.
Айта кетейік, кеше мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Ташкентте Димаш Құдайбергенмен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.
"Достарым, еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік делегация құрамында Ташкент қаласына келдім. Екі ел басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысады.Суретте репетиция сәті бейнеленген", - деп жазды Мұхамедиұлы Facebook-тегі парақшасында.