Мәдениет

"Такой сладкий" Димашты өзбек қыздары қаумалап алды – видео

Қазақстандық әншіні Өзбекстандағы фанаттары ерекше қарсы алды  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Димаш Құдайберген Өзбекстанға келді. Желіде қазақстандық әншіні ала тақиялы ағайындар сән-салтанатымен күтіп алғаны жайлы видеолар таралып жатыр.

Бір күн бұрын Димаш instagram-дағы парақшасында түнгі Шанхайдың суретін жариялап: "Кешке Бейжіңде боламын. Таңертең Өзбекстанға Ташкент қаласына барамын. Күндеріңіз сәтті өтсін", - деп жазған еді.

Шолпан Табаева есімді желі қолданушысы әншінің Ташкент қаласына келгенін хабарлап, бірнеше видео жариялады.

"Димашты Ташкентте қалыптасқан дәстүр бойынша ұлттық музыкамен және гүлмен қарсы алды", - деп жазды Димаштың фан-клубының мүшесі.

Видеодан Димашты қаумалаған жұрт оның қолтаңбасын алып, бірге суретке түсіп қалуға тырысқаны көрінеді.