НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Меккеге қажылыққа барды. Ол мұсылмандардың қасиетті қаласында жүргенін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.
Айсұлтан Назарбаев көптен бері алғаш рет әлеуметтік желіде пост жариялады. Ол соңғы рет қаңтар айында паспортсыз қалғанын Facebook парақшасында жазған соң желіде көрінбей кеткен еді.
Жақында Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені видео жариялап, Мекке қаласында жүргенін көрсетті.
Айта кетсек, Айсұлтан Назарбаев 2017 жылы есірткіге құмар болғанын мойындады. Сол кезде атасы – академик Мұхтар Әлиев пен әкесі – Рахат Әлиевтің қазасынан соң жан күйзелісіне ұшырағанын айтқан болатын. Елбасының жиені сол бір қиын-қыстау шақта нағашы атасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше қамқорлық көрсеткенін жазды.