НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Павлодар қаласында қайтыс болған адамдарға бірнеше ай бойы зейнетақы төленіп келгені белгілі болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
"Бұған қоса сабын, жаялық сияқты гигиеналық және дәрілік заттар беріліп отырған. Тіпті, көз жұмған адам стоматологтың да қызметін "алған", - дейді сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Қанат Қасымов.
Оның айтуынша, дәл осындай 38 дерек тіркелген.
Тағы оқыңыз: Мәжіліс депутаты астаналық әйелдің ер адамға "айналып" кеткенін айтты
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кәшкенова бұл мәселе бақылауда екенін жеткізді.
"38 фактінің сегізі нақтыланды. Орталық қызметкерлері заттарды өздері алып отырған. Келтірілген шығын көлемі – 184 мың теңге. Ал қалған 32 дерек нақтыланбады. Іс жүзінде заттар жоғалмаған. Орталықтағы жұмыстың жүйелі жүргізілмеуінен әрі қызметкерлер арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуінен осындай жағдай туындаған. Адамның қайтыс болғаны уақытылы хабарланбаған", - деді ол.
Тағы оқыңыз: Павлодарда жүзден аса тұрғын әп-сәтте "қаңғыбасқа" айналды
Кәшкенова өз кінәсін мойындаған қызметкерлерге қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Егер қызметкерлердің кінәсі толық дәлелденсе, олар қызметінен босатылуы мүмкін.