Қоғам

Қазақстанда күн суытады – үш күнге ауа райы болжамы

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 сәуіріне болжам жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ұзақ мерзімді жылы ауа райынан кейін күн бұзылады, деп хабарлады "Казгидромет" РМК.

Күн суытады: синоптиктер сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты
Еліміздің солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттар келіп, ауа райы жауын-шашынды болады, жаңбыр, жылбысқа қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы болады. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады.