Оқиға

Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото

Жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 сәуір — Sputnik. Алматыда Nissan Qashqai көлігін айдап келе жатқан қыз кенет есін жоғалтқан.

Жол апаты әл-Фараби даңғылында Мұстафин көшесіне жетпей болды.

Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Nissan Qashkai батыс бағытта келе жатып, жол айрығында жүргізуші қыз Мұстафин көшесіне қарай бұрылмақ болады. Алайда кенеттен қыз есінен танып қалып, көлік ағашқа бір-ақ соғылған. Абырой болғанда, жүргізуші тұрғын үйге соғылмапты.

Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото

Жол апаты салдарынан жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді. Жол полициясы қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.