НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Мексикада "Чивас" және "Лобос" жастар командалары арасындағы матч пенальти сериясымен аяқталды.
"Чивастың" құрамында алғашқы соққыны Диего Кампильо жасады – доп қақпаның маңдайшасына тиіп, жоғары қарай ұшты. Бірнеше секундтан кейін жерге түсіп, қақпаға кіріп кетті. Видеодан Кампильо да, қақпашы да мұндай жағдайды күтпегенін көруге болады.