Саясат

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын тағайындады

Бұған дейін ол премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Кетті, бірақ қалды: Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаев не істей алады?
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген өкімде.

Бұған дейін Баймұқашев премьер-министр кеңсесі қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі күш құрылымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ, заң жобаларына талдау жасап, нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев министр Қасымовты қызметінен босатты

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы –  тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев. Ол кеңесті өмір бойы басқару құқығына ие.

Осы жылдың ақпанында бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған еді.