Саясат

Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жариялайды

Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы мәлімдеме жасамақ
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялайды, деп хабарлайды Ақорда.

"Бүгін, 9 сәуірде, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды", - делінген президенттің ресми сайтында.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқан соң Қазақстанның екінші президенті болды. Қазақстан Конституциясына сәйкес бұрын сенат спикері болған Тоқаев президенттік өкілеттікке ие болған.