Саясат

Тоқаев президент сайлауына қатыса ма – баспасөз хатшысы жауап берді

Кезектен тыс президент сайлауы осы жылдың 9 маусымында өтеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы кезектен тыс сайлауға түсуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тоқаевтың өзін көрсететін кезі келді - саясаттанушы
Берік Уәлидің айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға сәйкес, президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларды қоса алғанда, республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі.

"Осыған байланысты, президент сайлауына кандидат ретінде қатысу туралы шешімді республикалық қоғамдық бірлестіктің (саяси партия) жоғары органы (съезд) қабылдайды", - деді президенттің баспасөз хатшысы Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді

Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы ел халқына үндеу жариялап, президенттің кезектен тыс сайлауы өтетінін мәлімдеді. Мерзімінен бұрынғы сайлау осы жылдың 9 маусымында өтеді.