Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 9 сәуір

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 99-ші күн. Жыл соңына дейін 266 күн бар
Sputnik

9 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің қалай есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

9 сәуірде қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін - Финляндияда фин жазуының негізін қалаушы Агрикола Микаэльдің күні. Ол фин әліпбиін жасап, христиандардың діни шығармасы Жаңа өсиетті және Көне өсиеттің кейбір кітаптарын фин тіліне аударған. Бұл күні жазушылар бас қосып, әдебиет туралы пікір алмасады. Көшеде ақ және көк ала түсті мемлекеттік ту ілініп, ұлттық дәстүрге сай ойындар өтеді. Одан бөлек жас талантты жазушылар марапатталады.

Ал Тунисте 1938 жылдың 9 сәуірінде болған қайғылы оқиғадан азап шеккендерді еске алу күні өтеді. Бұл күн мемлекеттік мереке ретінде тіркеліп, демалыс күні болып жарияланған. Тунис 1881 жылдан бастап 1956 жылға дейін Францияның боданы болды. Бірінші дүниежүзілікте соғыста Франция жеңілген кезде Тунис халқы азаттығын талап етіп митингіге шығады. 1938 жылдың 9 сәуірінде болған сондай бір митингіде бейбіт халық аяусыз басып-жаншылды.

Сондай-ақ, бүгін - "Көңіл көтеретін газдың" туған күні. Диоксид азот немесе азот тотығы деп аталатын бұл инертті газдың түсі жоқ, өртке төзімді, сондықтан оны жарылып кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Тәтті дәмі мен иісі бар. Иіскеген кезде азот тотығы адамды мас қылып, бей-жай күйге түсіреді. Сондықтан оны ел "көңіл көтеретін газ" деп атап кеткен. Азот тотығын алғаш рет 1772 жылы ағылшын ғалымы Джозеф Пристли балды азот қышқылымен араластыру арқылы алған. Содан бері ғалымдар бұл қосылысты әрі қарай жетілдіріп келеді.

9 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1667 жылы Парижде әлемде алғаш рет өнер көрмесі көшеде өтті;

1928 жылы Туркияда ислам ресми дін ретінде жарияланды;

1963 жылы Уинстон Черчилль АҚШ-тың құрметті азаматы атағы берілген алғашқы шетелдік атанды;

1970 жылы Пол Маккартни Джон Леннонмен бірге жұмыс істемейтінін мәлімдеп, The Beatles тобы ыдырады.

9 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1993 жылы "ҚР Қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы" заң қабылданды;

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды;

2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы базасында аймақтағы бірінші экстракорпоралды ұрықтандыру орталығы (ЭКО-орталығы) ашылды.

9 сәуірде әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1926 жылы америкалық баспагер, Playboy және Playboy Enterprises компанияларының негізін қалаушы Хью Хефнер дүниеге келді;

1933 жылы француздың театр және кино актері Жан-Поль Бельмондо дүниеге келді;

1938 жылы ресейлік және кеңестік мемлекет қайраткері, саясаткер Виктор Черномырдин дүниеге келді.

9 сәуірде Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1860 жылы халық ақыны, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрпейіс Байғанин дүниеге келді;

1935 жылы жазушы-сатирик, Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышұлы дүниеге келді;

1958 жылы  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов дүниеге келді;

1981 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымдағы депутаты Бақытгүл Хаменова дүниеге келді;

1993 жылы жүзуден Азия паралимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Әнуар Ахметов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Егіздер жұлдызы төңірегінде орналасады. Бұрыннан ойға алған істі тындыруға тапсырмас күн. Егер шығармашылық адамы болсаңыз, онда шабытыңыз оянып, қиялыңызға ерік беріп, кеңінен көсілуге мүмкіндік туып тұр. Сондай-ақ, бұл күн ғашық жандарға сәтті болмақ. Көптен күткен кездесудің сәті түсіп, ғашықтар махаббат буына елітеді.