Саясат

Президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады

Кездесу барысында елдің ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кездесу өткізді, деп хабарлады президенттің ресми сайты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады.

Тағы оқыңыз: Дариға Назарбаева туралы қызықты деректер

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады