Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 сәуір

Бұл – Григориан күнтізбесінде 98-ші күн. Жыл соңына дейін 267 күн бар
Sputnik

8 сәуірде не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

8 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

Бүгін өрттен қашуға арналған саты күні. Бір қарағанда күлкілі көрінгенімен, бұл зат көп жанның өмірін сақтап қалуда рөлі зор болған. Бұл мерекенің тарихы 1766 жылы 8 сәуірде АҚШ-та сатының алғаш рет патенттелуімен байланысты. Ол сол кезде барлық сынақтан сәтті өтіп, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келген.

Сондай-ақ бүгін Ресейде анимация күні. Мереке ретінде ол ресейлік мультипликациялық фильмнің алғашқы мерейтойы – 100 жылдығы қарсаңында 2012 жылы бекітілген. 1912 жылы 26 наурызда (қазіргі жаңа стильде 8 сәуірде) режиссер Владислав Старевичтің "Сұлу Люканида немесе мұртты мүйізділермен соғыс" мультфильмі жарық көрді. Бұл мультфильм рыцарлардың махаббат желісіне пародия жасайтын қуыршақ анимация техникасы бойынша жасалған жәндіктер туралы.

Бүгін халықаралық сығандар (International Roma (Gypsy) Day) күні аталып өтуде. 1971 жылы 8 сәуірде Лондонға бүкіл сығандар жиналып, құрылтай өткізеді. Ол Бүкіләлемдік сығандардың конгресі деп аталды. Оған осы ұлттың 30 мемлекеттегі өкілдері жиналды. Сол жиынның қорытындысында ұлттық рәміз - ту, әнұран қабылданып, сығандар өздерін ерікті жеке ұлт ретінде жариялады.

Сығандар туралы тарихта алғаш рет 1501 жылы жазылады. Сыған көсемі Василь латыш князі Александр Казимировичтің қолынан күзет грамотасын алды делінген онда. Бүгінгі таңда сыған халқының саны - шамамен 8-10 млн. Олар Жер шарының Солтүстік, сол секілді Оңтүстік белдеулерін мекен етеді: Албания, Румыния, Молдова, Хорватия, Аргентина, Белоруссия, Канада, Бразилия, Ресей және т.б. елдер. 2013 жылдың санағы бойынша, Қазақстанда шамамен 4,1 мың сыған тұрады.

8 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1990 жылы ABC америкалық телеарнасынан "Твин Пикс" фильмінің алғашқы сериясы көрсетілді;

1997 жылы Нью-Йоркте 1804 жылғы күміс доллар рекордтық сома - 1 миллион 815 мың долларға сатылды;

2001 жылы шіркеу "Формула-1"-ге қарсы шықты;

2003 жылы Каирде ежелгі қорым табылды.

8 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді;

2005 жылы Алматыда Халықаралық экономика және әлеуметтік ғылымдар мектебінің тұсауы кесілді. Ол өқазақ-британ университетінің бір бөлігі боп саналады;

2006 жылы Алматыдан Солтүстік белдеуге Қазақстанның алғашқы полярлық экспедициясы шықты;

2008 жылы Қазақстанда Ұлттық бюджеттік желі құрылды. Оның мақсаты - бюджеттік үдерістің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету;

2011 жылы Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті. Рәсімде Елбасы Қазақстан халқына ант берді және Тәуелсіздіктің 20 жылы ішіндегі елдің даму нәтижелерін қорытындылап сөз сөйледі.

8 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1336 жылы Орта Азия өңіріндегі атақты қолбасшы Әмір-Темір;

1912 жылы мәнерлеп сырғанаудан үш дүркін Олимпиада чемпионы, норвегиялық спортшы, голливуд жұлдызы, өз кезеңіндегі қаламқысы өте жоғары актриса Соня Хени;

1938 жылы ганалық дипломат, 2001 жылғы Нобель сыйлығының иегері, БҰҰ Бас хатшысы (1997-2006) Кофи Аннан;

1958 жылы ресейлік композитор, РФ еңбек сіңірген әртісі Виктор Зинчук;

1972 жылы "Форсаж" және "Үш форсаж: Токиялық дрифт" сынды фильмдерде басты рөлді сомдаған ұлты кәріс америкалық актер Сун Кан дүниеге келді.

8 сәуірде Қазақстанда кім туды

1959 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бақтияр Тайлақбаев;

1960 жылы ҚР Саясаттану ғылымы академиясының академигі, ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин;

1982 жылы қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы (IBO тұжырымы – 2010 жылы, WBA тұжырымы - 2011 жылы, уақытша WBC - 2014 жылы), 2013 жылдың соңында WBA тұжырымы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Бұл күні ойда жоқ оқиғалар болып, өз шешімін табады. Сондықтан ол жағына мазасызданбай-ақ қойыңыз, бәрі оң жамбасқа келе қояды. Бүгін, сондай-ақ кәсіби деңгейіңізді арттыратын жұмыспен шұғылданғаныңыз жөн. Бұл енді өз еркіңізде.