НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек (5-0, 3 КО) өзінің кәсіпқой карьерасындағы алтыншы жекпе-жегін өткізіп, тағы бір жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Sports.kz.
22 жастағы қазақстандық Дубайдағы (БАӘ) Emirates Golf Club ойын-сауық кешенінде шаршы алаңға шықты. Оның алты раундтық жекпе-жектегі қарсыласы қытайлық боксшы Чэн Хун Тао (7-5-1, 5 КО) болды. Зауырбек бесінші раундта жойқын соққы жасап, нокаутпен жеңді. Қарсыласы бірден ес жия алмады.
Сұлтан кәсіпқой рингте бірде-бір рет жеңілмеген, алты жекпе-жектің төртеуін нокаутпен ұтып отыр.
Айта кетейік, Зауырбек MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан, бұл компанияның клиенттері қатарында белгілі британдық былғары қолғап шеберлері – Билли Джо Сондерс пен Тайсон Фьюри бар. Зауырбек кәсіби боксқа ауысқанға дейін 2014 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.