НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Жанат Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Оның орнына Марат Шәдетханұлы Қожаев ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Бұдан бөлек, президенттің өкімімен Махамбет Хайыржанұлы Абисатов Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Марат Қожаев бұған дейін елордалық полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды.
Ал Махамбет Абисатов ішкі істер вице-министрі болып тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының полиция департаментін басқарды.