Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 сәуір

Бұл Григориан күнтізбесінде 97-ші күн. Жыл соңына дейін 268 күн бар.
Sputnik

7 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         7 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

1994 жылдың 7 сәуірінде Ресейде виртуалды әлемді дамудың жаңа сатысына көтерген айтулы оқиға болды. Дәл осы күні жаңа .RU домені тіркеліп, миллиондаған адамның басын қосатын кең ауқымды халықаралық базаға енгізілді. Қазір бұл дата көпшілікке Рунеттің туған күні ретінде танымал. Сондықтан бүгін тек кәсібилер ғана емес, интернеттің қарапайым қолданушылары да мерекені атап өтеді. ".RU доменін басқару тәртібі туралы" келісімге қол қойылғаннан кейін, Ресей ресми түрде интернет желісіндегі "өмірін" бастады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

Сондай-ақ, бүгін әлемнің біраз елінде Бүкіләлемдік денсаулық күні аталып өтіп жатыр. Бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуы құрметіне бекітілді. Жылдар өте 7 сәуір жұртшылықтың назарын денсаулық сақтау проблемаларына аудару акциясына айналды. Әр жыл ең өзекті мәселеге арналған. Мәселен, биылғы жылдың басты тақырыбы – "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі". Ең зиянды тағамдар рейтингінде дүкендегі көкөніс пен жеміс-жидек, сүт өнімдері, ысталған тағамдар, жартылай дайын өнімдер және консервілер бар. "Үздік" үштікті майлы және тәтті тағамдар бастап тұр. Екінші орында –  қуырылған картоп, хот-дог, гамбургер және фаст-фудтың басқа да түрлері. Чипсы, газдалған тәтті сусындар мен сағыз да адам денсаулығына зиянды. ДДСҰ мәліметінше, бұл өнімдерден адам уланып, тіпті, қатерлі ісікке шалдығуы мүмкін. Сондықтан бұл тағамдарды жемеген абзал.

Тағы оқыңыз: Сәуірге жұлдыз жорамал: келер ай кімдер үшін сәтті болмақ

Бүгін, сондай-ақ, Косметолог күні. Бүгінде косметологтардың қызметіне тек нәзік жандар ғана емес, еркек кіндіктілер де жүгінеді. Егер қызметін тұрақты пайдаланатын косметологыңыз болса, оның еңбегін елеусіз қалдырмаңыз – істеп жатқан жұмысына алғыс айтып, төл мерекесімен құттықтаңыз!

         7 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1795 жылы Францияда метрлік өлшем жүйесін енгізген заң қабылданып, 1 метрдің ұзындығы және 1 келінің салмағы айқындалды.

1805 жылы Венада Людвиг ван Бетховеннің үшінші симфониясының премьерасы өтті;

1826 жылы Мюнхенде пинакотека ғимаратының іргетасы қаланды. Бүгінде ғимаратта орта ғасырдан бастап 18 ғасырдың ортасына дейінгі аралықта еңбек еткен суретшілердің туындылары қойылған;

1827 жылы ағылшын дәріханашы Джон Уокер адвокат Никсонға алғашқы сіріңкені сатты.  

         7 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1918 жылы облыстық "Звезда Прииртышья" газетінің алғашқы саны жарыққа шықты;

2008 жылы Павлодарда белгілі спортшы, бапкер Батырбек Сейсенбаевқа арналған мемориалдық тақта орнатылды;

2009 жылы елордада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан ішкі әскердің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды.

         7 сәуірде әлемде туған танымал тұлғалар

1946 жылы ресейлік продюсер, киносыншы, актер, тележүргізуші, "Кинтавр" кинофестивалінің негізін қалаушы және продюсері, "Золотой овен" киножүлдесін ұйымдастырушы Марк Рудинштейн дүниеге келді. РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (2003);

1954 жылы қытайлық және америкалық актер, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист, әнші Джеки Чан өміге келді. Британ империясы орденінің кавалері (фильмдері: "Доспехи Бога", "Приключения Джеки Чана", "Иностранец", "Час пик");

1962 жылы орыс ақыны және орындаушы, бірқатар әннің авторы, бард Михаил Круг туды;

1964 жылы жаңазеландиялық актер, "Оскар" жүлдесінің иегері Рассел Кроу дүниеге келді (фильмдері: "Гладиатор", "Игры разума", "Мумия").

         7 сәуірде Қазақстанда кімдер туды

1935 жылы ақын, жазушы, аудармашы Зұлқарнай Сақиұлы дүниеге келді;

1951 жылы мемлекет қайраткері, инженер-құрылысшы Қасымхан Ахметов өмірге келді;

1979 жылы суретші-кескіндемеші Динара Нүгер туды.

         Ай күнтізбесі

Ай Торпақ белгісінде орналасады. Сіздің жан-жақтылығыңыз бен көп дүниеге қызығушылығыңыз түрлі мүмкіндіктерге жол ашады. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысыңыз.