Оқиға

Шымкенттегі түнгі клубта атыс болды: полиция бір топ адамды қолға түсірді

Атыс кезінде екі адам жарақат алған, полиция күдіктілерден травматикалық қару тәркіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында атыс ұйымдастырған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды жергілікті Отырар басылымы.

Қытайда жазықсыз 5 адамды атып тастады

Оқиға 21-22 наурызда Тәуке хан даңғылы бойындағы түнгі клубтардың бірінде болған екен. Басылым деректеріне сүйенсек, әуелі түнгі клубқа келген қонақтардың арасында төбелес шығып, соңы атысқа ұласыпты. Қарулы қақтығыс салдарынан екі адам зардап шекті.

Шымкенттің жол полициясы қала орталығында атысты ұйымдастырғандарды ұстады. Оқиға орнында травматикалық қару табылыпты. Көліктің жүксалғышын тінту кезінде тағы бір тапанша тәркіленді.

Басылым қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметіне екі рет сұрау салса да, болған жайтқа қатысты жауап ала алмаған.