НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. Ресейлік театр және кино актері Виктор Сухоруков Мәскеу қалалық кеңесі атындағы театр сахнасында спектакль қойып жатып, қолын сындырды.
Әртіс ауыр жарақат алып қалғандықтан, қойылымды мерзімінен бұрын аяқтауға тура келді, деп хабарлайды РИА Новости.
Спектакль кезінде актер сахнада төселген кілемнен аттай бергенде, шалынып құлап түседі. Ол қолын сындырып алғанын әріптестеріне бірден айтқан. Бір минуттан соң шымылдық жабылып, Сухоруковты сахнадан алып кетті.
Спектакльге қатысқан актер Андрей Шарков көрермендерден кешірім сұрап, Виктор Сухоруков жарақат алып қалғандықтан, қойылымды әрі қарай жалғастыру мүмкін емес екенін айтқан.
Театрдағылар да Сухоруковтың қолын сындырғанын растады.