Өңірлер

Өскеменде 68 жастағы қария балаға оқ атты

Полицейлер 13 жастағы балаға пневматикалық винтовкадан оқ атылғанын анықтаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Өскеменде 68 жастағы қария мас күйінде балаға оқ атқаны мәлім болды, деп хабарлады yk.kz порталы.

Оқиға 3 сәуір күні болған.

Қостанай облысында 11 жастағы баланы қасқыр талап тастады
"13 жастағы бала достарымен ойнап жүргенде аяғына оқ тиеді. Алайда ол да, достары да оқты кім атқанын көрмеген", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кейін зардап шеккен оқушының анасы полициядан көмек сұрапты.

Оқиға орнына Өскемен қаласы полиция департаментінің қызметкерлері шұғыл жеткен. Полицейлер 13 жастағы балаға пневматикалық винтовкадан оқ атылғанын анықтаған.

"Тексеріс барысында тәртіп сақшылары балаға 68 жастағы қала тұрғыны мас күйінде пневматикалық винтовкадан оқ атқанын анықтады. Ол өз пәтерінде отырып, ойнап жүрген балаға оқ атқан. Қару ішкі істер органдарында тіркелмеген", - делінген хабарламада.

Дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Егер 68 жастағы қарияның кінәсі сотта дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан шектелуі немесе не сол мерзiмде бас бостандығынан айырылуы мүмкін.