НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері сотталған адамның ішіндегі скальпелді ота жасамай алып шықты, деп хабарлайды "Лада" порталы.
Басылымның жазуынша, 3 сәуірде түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адамның іші қатты ауырып, облыстық ауруханаға шұғыл жеткізілген.
Дәрігерлер пациентті бірден рентгенге түсірген. Сотталған адамның ішінен бөгде зат тапқан хирургтер ақылдаса келе, науқасты эндоскопия және функционалды диагностика бөліміне жібереді. Содан соң дәрігерлер жазасын өтеушінің асқазанындағы скальпелді отасыз алып шыққан.
"Науқастың ішегінен скальпель табылды. Дәрігерлер оны операцияның көмегінсіз алып шықты. Пышақтың өткір ұштарына оралған скотч біртіндеп ери бастаған. Егер дәрігерлер дер кезінде жазасын өтеушіге көмектеспесе, ажал құшуы мүмкін еді", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.