Саясат

Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кремльдегі келіссөзден кейін түскен суретімен бөлісті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Президент Twitter парақшасында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов және президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен бірге түскен суретпен бөлісті.

Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады

Сондай-ақ фотодан сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов пен президент көмекшісі Тимур Сүлейменовті көруге болады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев алғашқы ресми сапарын Ресейден бастады

Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге барған болатын. Бұл – президент лауазымындағы оның алғашқы шетелдік сапары. Қазақстан президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.