Саясат

Тоқаев Мәскеуден кейін қайда барады - ресейлік саясаттанушы пікір білдірді

Сарапшының пікірінше, Қазақстанның сыртқы саясатында бұған дейін қалыптасқан бағыт өзгермейді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге ресми сапарын қорытындылаған ТМД елдері институты Орталық Азия бөлімінің басшысы Андрей Грозин оның енді Қытай астанасы Бейжіңге баратынын болжады.

"Сыртқы саяси дипломатияның қайнар көзінде болған адамнан көп жыл бойы қалыптасқан сыртқы саясат тәжірибесінен басқа бағыттағы қандай да бір шалт қимылды күту тым артықтау болар еді.

Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады
Әрине, оның алғаш Мәскеуге ат басын тіреуі екі ел арасындағы қарым-қатынастың ерекше деңгейде екенін айғақтайды. Келесі кезекте Бейжің болуы керек деп ойлаймын. Ол да түсінікті ғой. ҚХР-дың Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптесі ретіндегі орны да ешкімнің күдігін туғызбайды", - дейді Грозин Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында.

Сарапшы, осылайша, бір жағынан Ресеймен саяси одақтас, екінші жағынан Қытай Халық Республикасымен экономикалық әріптестік қағидаттары негізінде, сол секілді басқалармен де көпвекторлы саясаттың жүзеге асырылу конфигурациясы сақталып қала беретінін баса айтты.