Қоғам

Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі

27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 әскери қызметші көз жұмды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қызылордада 13 әскеридің өмірін қиған тікұшақ апатына не себеп болды - бастапқы болжам

Авиация генерал-майорының айтуынша, апаттан көз жұмған сарбаздардың отбасына заң аясында міндетті түрде көмек көрсетіледі.

"Қазақстан заңына сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшінің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – сарбаздың 5 жылғы жалақысына тең. Сондай-ақ отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқығы бар. Сарбаздарды жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сонымен қатар отбасындағы адам басына байланысты баспана өтемақысы төленеді", - деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тікұшақ апаты: 4 сарбаздың денесіне сараптама жүргізіліп жатыр

Айта кетейік, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Назарбаев тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты