Қоғам

Мамандар күлкінің ағзаға пайдасын тізіп берді

Күлкі көңіл-күйді жақсартып қана қоймай, денсаулықты нығайтуға септеседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Күлкі иммунитетті нығайтып, қандағы қант деңгейін төмендетеді, деп хабарлайды Москва агенттігі.

"Күлген кезде ағзаға күш түседі. Ал кейін дене бұлшықеттері босайды. Осының арқасында адамның эмоциялық күйзелісі азаяды", - дейді мамандар.

Кудиярова: айықпас дертке шалдыққандарға күлкі терапиясы көмектеседі

Олардың айтуынша, күлген кезде ағза "бақыт гормонын" бөледі. Ол көңілді көтеріп, ашуды басады. 

"Адам жымиған кезде ағза бірден эндорфин гормонын бөле бастайды. Сондықтан көңіл-күй түскенде күлкілі бағдарлама немесе видео көру керек. Бастан өткен қызықты сәтті еске түсіруге де болады", - дейді дәрігерлер.

Күлкінің пайдасы мұнымен бітпейді. Ол тыныс жолдары ауруларынан емделу кезінде де таптырмас әдіс бола алады. 

"Күлген адам ұзақ тыныс алып, тез дем шығарады. Сондықтан оның тыныс жолдары тазарады. Сондай-ақ, жүрек қағысы біраз бәсеңдеп, күретамыр кеңейе түседі. Осының арқасында ағзаны ісіктен қорғайтын гамма-интерферонның белсенділігі артады. Иммунитет нығая түседі", - дейді мамандар.

Тағы оқыңыз: Күліп жүретін саясаткерлердің суреттері

Бастысы, адамның көтеріңкі көңіл-күйі сырт келбетіне де жақсы әсер етеді. Күлімдеп жүретін адамдардың бетіндегі бұлшықеті жиі қимылдайды. Сондықтан өзгелерден жас көрінеді.