АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматыда дүкен тонады деген күдікпен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Алмалы аудандық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, Алматыда пәтер жалдап тұрған күдікті күнкөрісіне қажетті ақшаны ұрлық жолымен тапқан. Ол қаладағы дүкендердің бірінде ешкім жоқ кезді пайдаланып, сатушыға бас салған.
Бұл іске қатысты қылмыстық кодекстің 192-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның хабарлауынша, қырғыз жігітінің өзге де қылмысқа қатысы бары анықталды
"Күдіктінің Медеу ауданында осыған ұқсас қылмысы дәлелденді. Зардап шеккендер мен оның қылмысына куә болғандардың мына телефондарға қоңырау шалуын сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102", - деді Меңдібаев.