АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасын ұрлаған кім екенін анықтады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Бейнебақылау таспасын зерттеген полициядағылар Баландиннің ғана емес, сол түні сонда тұрған өзге көлікке де ұры түскенін анықтаған.
Криминальдық полиция басқармасы келтірген мәліметке сүйенсек, күдікті сол түні тура сол жерде тұрған "Ренж Ровер" көлігінің де айнасын ұрлаған болып шықты.
Айта кетейік, Дмитрий Баландин Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге (Абылайхан – Құрманғазы – Байсейітова көшелерінің қилысы) жақын маңдағы дәмханаға достарымен кездесуге барған. Дәмханадан шыққанда спортшының Toyota Land Cruiser көлігінің айнасы жоқ болған. Ол бірден полицияға хабар берген. Көліктің айнасы шамамен 400 мың теңге тұратын көрінеді.