Өңірлер

Шымкентте 9-сынып оқушысының мәйіті табылды

15 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп кеткен болуы мүмкін
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Шымкентте элиталы көп қабатты үйдің маңынан мектеп оқушысының мәйіті табылды.

Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды  
Сұмдық жағдай 30 наурыз күні түнгі сағат 22:00 шамасында Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы элиталы көпқабатты тұрғын үй маңында болған, деп хабарлады "Отырар" телеарнасы.

Белгілі болғанындай, жасөспірім қаладағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сыныбында оқыған. Бұл жағдайды қалалық білім басқармасының мамандары растады.

Алдын ала болжам бойынша 15 жастағы жасөспірім жоғарыдан секіріп кеткен болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын құзырлы орган өкілдері анықтап жатыр.