Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 сәуір

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 91-ші күн. Жыл соңына дейін 274 күн бар.
Sputnik

1 сәуірде не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

1 сәуірде қандай қызықты оқиға болды

1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күннің тарихы 16 ғасырдың екінші жартыжылдығынан бастау алады. Сол кезден бері Еуропа жаңа жылды 25 наурыз – 1 сәуір күндері емес, қыс мезгілінде атап өтетін болды. Ал бұрыннан қалыптасқан дәстүрді сақтап, жаңа жылды 1 сәуірде тойлайтын адамдар жұрттың күлкісіне қалатын. Сол кезден бастап сәуірдің бірінде Күлкі күні аталып өтеді. Бірнеше ғасырдан кейін мерекенің пайда болу себебі ұмытылды. Алайда бұл күні ресми түрде қалжыңдау дәстүрі жалғасты. Әлі күнге дейін осы дәстүр сақталып келеді.  

Сондай-ақ, бүгін әлем Халықаралық құстар күнін тойлайды. Оның мақсаты – құстар саны мен саналуандығын сақтап қалу. Мереке 1894 жылы АҚШ-та пайда болды. Кейін бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында барлық штаттар мен Еуропаға тарады. Қазір ЮНЕСКО-ның "Адам және биосфера " атты биологиялық бағдарламасының аясында  аталып өтеді. Бұл күні құстардың барлық түрін қорғау, құстарды көбейту қорықтарын құру және экологиялық білім беру мәселелері көтеріледі. Қазіргі ТМД елдерінде бұл күн 1927 жылы алғаш рет тойланды деп саналады.

1 сәуірде Коньяк күні де аталып өтеді. Бұл – күлкі күнінің әзілі емес. Расында да, осындай мерекені тойлау дәстүрі қалыптасқан. Бұл ішімдікті дайындау әдісі де ерекше. Коньяк спирті мен жүзім шарабы қосылады. Қыс келгенше сұйықтық біраз ашыңқырап үлгереді. Алайда көктем келгенде қайдан ашып кетуі мүмкін. Бұл оның сапасын төмендетеді. Мұндайды болдырмау үшін коньяк жасауға сақталған шараптың бәрі сәуірдің біріне дейін бөшкелерге құйылуы тиіс. Мұны ұлттық комитет жіті қадағалайды. Жұмыс аяқталған соң, мереке тойланады.

1 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар

1803 жылы Франция үкіметі балаларды күнтізбеде жоқ есіммен атауға тыйым салды;

1890 жылы бельгиялық эмигрант Шарль ван Деполь АҚШ-та тұңғыш троллейбус патентін алды;

1967 жылы  Леонид Гайдайдың «Кавказская пленница, или новые приключения Шурика» атты комедиясының премьерасы өтті;

1976 жылы Apple компаниясы құрылды.

1 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1923 жылы таралымы бес жүз дана  болатын "Ерік" газетінің алғашқы саны жарық көрді. 1990 жылы атауын "Атырау" газеті деп өзгертті; 

1943 жылы Алматыда орталық республикалық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағаты жұмыс істей бастады;  

1995 жылы ҚР президентінің жарлығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден комитеті құрылды;

2004 жылы Елордада "Астана-Думан" әзіл-сықақ орталығының тұсаукесері өтті.

1 сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

1821 жылы орыс жазушысы, драматург, ақын, сыншы Николай Гоголь дүниеге келді;

1831 жылы швейцариялық суретші Альберт Анкер дүниеге келді;  

1919 жылы Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық хирург  Джозеф Эдвард Мюррей дүниеге келді;

1934 жылы кеңестік және ресейлік тележурналист, тележүргізуші, Ресей телевизия академиясының бірінші президенті Владимир Познер дүниеге келді;

1983 жылы ресейлік әнші, театр және кино актері Сергей Лазарев дүниеге келді. Оның репертуарындағы әндер, негізінен, ағылшын тілінде жазылған.

1 сәуірде Қазақстанда кім дүниеге келді

1920 жылы Кеңес одағының батыры Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы  дүниеге келді. Ол Александр Матросовтың ерлігін қайталаған. Қайтыс болғаннан кейін Кеңес одағының батыры атағы берілді;

1925 жылы дирижер, сазгер, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрғиса Тілендиев  дүниеге келді. Алматы облысы Іле ауданында туған. Алматы консерваториясын, Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 400-ге тарта ән мен романс авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем, 17 мультипликациялық және 14 деректі фильмге музыка жазды;

1939 жылы жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Салғараұлы Қойшығара дүниеге келді;

1939 жылы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы Сәрсекеев Қоғабай  дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Суқұйғыш белгісінде болады. Бастысы, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Бұл күні бәрі сіз жайлы айтып, жетістігіңіз бен қателігіңізді сөз қылып жатқандай болады. Алайда тек сізге осылай болып көрінуі мүмкін. Бүгін керемет күн, қызметтіңізде өсіп, жаңа адамдармен танысатын боласыз.